Краеведение

Аршитдинов Батур

Категория: Писатели Печать страницы
Аршитдинов Батур

Аршитдинов Батур  1926 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында дүниеге келген.

1932-60 жылдары  ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында тұрды.

1944 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімші қаласындағы педагогикалық училищені бітірді.

1944-1949 жылдары  Шығыс Түркістанда белең алған ұлт-азаттық қозғалысына  белсене  қатысады.

1952-1954 жылдары Үрімші қаласында жоғары оқу орындарын тамамдайды.

1954-1961 жылдары ШҰАР-дың Коммунистік Жастар одағының бірінші хатшысы, Демократиялық жастар ұйымының төрағасы бола жүріп, «Жас коммунист» журналының, «Синьцзян жастары» газетінің, «Синьцзян» жастар баспасының  Бас редакторы  міндетін қатар атқарады.

1958-1960 жылдары  ҚКП Пекин Жоғары партия мектебінде тағылым алады.

1966 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл білімі институты құрамындағы ұйғыр бөлімінде әдебиет мамандығы бойынша аспирантурада сырттай оқыды.

1962-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының ұйғыртану бөлімінде, кейіннен институтында ғылыми қызметте жұмыс істеген.

 

Шығармалары:

Алғашқы өлеңі 1947 жылы жарық көрген. 1957 жылы «Жастық сезімдері», 1967 жылы «Дала», 1971 жылы «Тау самалы», 1980 жылы «Кек», 1986 жылы «Ынтызар», жинақтары жарық көрді. «Ұйғыр классиктері шығармашылығындағы дастан жанры», «Ұйғыр халық ауыз әдебиеті шығармашылығы», «Дастандар дүнисіне саяхат», «Төрт дербіш», «Он екі мұқам туралы»  (мәтіндер), «Сом алтын» (ертегілер), «Ұйғыр фольклорының антологиясы»  атты ғылыми еңбектердің авторы болып табылады.   

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика