Краеведение

Абдрахманов Махмұт Хабайдоллаұлы

Категория: Писатели Печать страницы
Абдрахманов Махмұт Хабайдоллаұлы

Абдрахманов Махмұт Хабайдоллаұлы 1934 жылы 20 шілдеде  Алматы облысы,  Еңбекшіқазақ ауданыТашкенсаз ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұйғыр әдебиеті тарихы авторларының бірі.    

·         1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

·         Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер

·         Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеген.

·         1983 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  ұзтаздық  етіп  келеді.

Шығармалары мен еңбектері

Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Ол Абай, Пушкин, Р.Ғамзатов, Х.Ерғалиев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, т.б. өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған.  Өз өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген.

·         "Жүрек жырлары". Өлеңдер. «Жазушы», 1967;

·         "Ұйғыр совет әдебиеті тарихы". «Ғылым», 1967;

·         "Әрлеу үстінде". Әдеби-сыни мақалалар. «Жазушы», 1977;

·         "Белестер". Өлеңдер. «Жазушы», 1983;

·         "Адымдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1984;

·         "Ұйғыр совет әдебиетінің тарихы". «Ғылым», 1986;

·         "Жылдар жаңғырығы". Мақалалар мен өлеңдер. Чонжа, 1999;

·         "Түйіндер". Өлеңдер мен мақалалар. «Білім», 2004;

·         "Шеберлік шыңына үмтылып". «Мир», 2009;

·         "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 8 сынып үшін. «Мектеп», 2000;

·         "Ұйғыр әдебиеті". Оқулық пен хрестоматия, 10 сынып үшін. «Мектеп», 2003, Қазақстан жазушылары: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика