Краеведение

Елшібеков Жанат

Категория: Писатели Печать страницы
Елшібеков Жанат

Елшібеков Жанат 1947 жылы 10 мамырда Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Қызылбалық ауылында туған. 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Соңғы курста оқып жүрген кезінде республикалық жастар газеті «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас Алаш») қызметке орналасқан. Әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1978 жылдың сәуір айынан бері «Егемен Қазақстанда» көркемдеу және газет безендіру, жаңалық, спорт және туризм, экономика бөлімдерін басқарып, редакциялық алқаның мүшесі болған. Қазір редакцияның жауапты хатшысы. Қаратал ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының үш мәрте лауреаты. Оннан астам деректі, публицистикалық, көркемәдеби кітаптарының авторы. «Қош бол, теңіз…» повесі республикалық «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгесінде жүлде алған. Көркем очерктері, эсселері, мақалалары елуге жуық жинақтарға енген. Шығармалар жинағының бес томдығы 2007 жылы «Елорда» баспасынан жарық көрген. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған, «Астанаға – 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары: Жауқазын. Деректі повесть. 1976ж; Студенттік меридиандар. Очерктер. 1978ж; Сен білесің бе? Үйрен, ізден, ойлан. 1981ж; Алтын ұя. Очерктер. Репортаждар. А., «Мектеп», 1983; Атамекен. Фотоәңгімелер. 1984ж; Қарлығаш. Суретті кітапша. 1989ж; Жоғалған теңіз. Повестер мен әңгімелер. 1991ж; «Зерек». Танымдық ойындар әлемінде. 1991ж; Мың бір қызық. Оқиғалар, деректер. 1995ж; Шағалалар жылай ма, осы? Очерк, көсемсөз, ойтолғақ, деректі әңгіме, эссе. 1996ж; Қош бол, теңіз… Повестер мен әңгімелер, 2001ж; Таным. Ғажайыптар мен оқиғалар. 2003; Уақытсынап. Деректі әңгімелер, әдеби портреттер мен эсселер. 2008 жылы жарыққа шықты.


 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика