Краеведение

Абайділданов Әділбек

Категория: Писатели Печать страницы
Абайділданов Әділбек

      Абайділданов Әділбек (1932–1984) 18 наурызда Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Бақалы ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
     1950 жылы Лепсі педучилищесін бітіргеннен кейін Ақсу ауданының «Октябрь» жетіжылдық мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1956 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Университет қабырғасында жүргенде алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген ақын сол кезде-ақ газет жұмысына араласқан. 
        1956–1959 жылдары Талдықорған облыстық «Советтік Жетісу» газетінде, кейін Алматы облыстық «Жетісу» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакцияларында қызмет істеген. Әділбек Абайділданов аударма жұмысымен де шұғылданған. Лермонтов, Блок, Иван Франко шығармаларын, орыс кеңес поэзиясының антологиясын аударуға қатысты. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Латын Америкасының ақындары» жинағынан Чилидің ХХ ғасырдағы әйгілі тұлғалары Габриэла Мистраль мен Павло Неруданың өлеңдерін, 1976 жылы «Өнегелі адамдар өмірі» (ЖЗЛ) сериясымен жарық көрген «Николай Островский» атты кітапты (авторы Раиса Островская) аударды. Шығармалары: Ақ қайың. Өлеңдер.1961; Салтанат. Өлеңдер. 1964; Қыран. Поэма. 1966; Алыс көкжиек. Өлеңдер мен поэма. 1968; Сокол. Стихи и поэма. 1969; Маржан. Өлеңдер мен поэма; Прометейдің аспанға қарап айтқаны. Поэмалар. «Ана тілі», 2003.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика