Краеведение

Доспанбетов Ұзақбай

Категория: Писатели Печать страницы
Доспанбетов Ұзақбай

Доспанбетов Ұзақбай 1941 жылы 30 наурызда Алматы облыс, Ескелді ауданы, Қаратал ауылында туған.1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдағаннан кейін, мектепте, аудандық газетте, республикалық радио үйінде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Қазақстан коммунист, «Жұлдыз» журналдарында, «Ұлан» газетінде қызмет істеген.

Әдебиетпен 1962 жылдан бері айналысып келеді. 1983 жылы жарық көрген «Ел есінде» атты алғашқы романы соғыстан күйзелғен ауыл шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіне, ал «Шың мен шыңырау» романдилогиясы атақты Нұрмолда Алдабергенов өміріне арналған.            Бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары

Кәрі қобыз күйі. Повесть және әңгімелер. 1970;

Гауһар тас. Повесть. «Жазушы», 1973;

Сырғалы қыз. Повесть және әңгімелер. 1975;

Қардағы гүл. Повестер және әңгімелер. 1978;

Сағым. Повестер және әңгімелер. 1981;

Ел есіңде. Роман. 1983;

Шың мен шыңырау. Роман. 1-2 кітап. 19831993;

Мелодия старого кобыза. Повести и рассказы. Москва. «Советский писатель», 1989;

Жылусыз от. Роман. «Сөздік-словарь», 2000;

Қызыл жолбарыс. Романдилогия. «Ғылым», 2000;

Абылайдық ақ туы. Тарихи роман. 1-кітап. 2004;

Аяз бен аптап. Повестер мен әңгімелер. 2004;

Ғарыш әні. Повестер, очерктер. 2006;

Тіл өнері дертпен тең. Әдеби сын мақалалары, зерттеулер. 2006;

Абылайдың ақ туы. Роман. 2-кітап. 2008.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика