Краеведение

Бұлғақов Айтақын

Категория: Писатели Печать страницы
Бұлғақов Айтақын

Бұлғақов Айтақын 1960 жылы 19 қаңтарда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Айтыскер ақын. 1990-1996 жылдары Талдықорған облысы қазақ тілі қоғамында, тіл комитетінде, 1996-1997 жылдары Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясында қызметтер атқарған.

Айтыскер ақын ретінде алғаш 1986 жылы Қазақ радиосының "Ұшқын" бағдарламасы ұйымдастырған "Әуе толқыны" айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. 2001 жылы Семей қаласында өткен Тәуелсіздіктің 10 жылдығына, 2002 жылы Аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған республикалық айтыстарда 1-ші орынды иеленген.

Бүгінге дейін 200-ге жуық республикалық халықаралық айтыстарға қатысқан. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" фильмінде (режиссері–А.Әшімов, 1993) бақсы рөлін сәтті сомдаған. 2000 жылы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның көркемсөз оқу шебері.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика