Размер шрифта: больше или меньше

Краеведение

Берсүгірова Дәмеш

Категория: Писатели Печать страницы
Берсүгірова Дәмеш

Берсүгірова Дәмеш (1905–1984) - 16 наурызда Жетісу губерниясы, Лепсі уезінің Мұқаншы Садыр болысында (қазір Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Бақалы ауылы) туған. Жеті жасында анасынан ескіше сауат ашып, арабша хат таныған. 1920 жылы Алматы қаласында қазаққырғыз жастарынан оқытушылар даярлайтын курста оқыған. 1921 жылдан бастап ауылдағы мәдениағарту жұмысына белсене қатынасады, комсомол ұйымының хатшысы, әйелдер бөлімінің жетекшісі сияқты қоғамдық қызметтер атқарады. Көп жылдар бойы мектептерде ұстаздық қызметте болған. Тұңғыш ақындық қадамын өзі жетекші болған көркемөнерпаздар үйірмесінде ұсақ тақпақтар, шағын пьесалар, «Тілші» газетіне мақалалар жазудан бастаған. «Қоңыр жорға» (1929), «Меңдіқыз» және «Жауынгер ұлыма» (1942) атты көлемді туындылары бар.

Шығармалары:

«Қоңыр жорға» 1961 жылы, «Ағады Ақсу» 1979 жылы жарыққа шыққан.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».