Краеведение

Бердіқұлов Сейдахмет

Категория: Писатели Печать страницы
Бердіқұлов Сейдахмет

Бердіқұлов Сейдахмет (1933–1994) жылы 9 мамыр Алматы облысыЖамбыл ауданы Қарақастек қыстағында дүниеге келген. Жазушыжурналист. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.1965-1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986-1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болып қызмет атқарды.

Шығармалары:

«Сол орамал жоғалмайды» 1965 жылы, «Жүрек ұйықтауды білмейді» 1966 жылы, «Жұмыр жерде теңбіл доп» 1968 жылы, «Егеулі найза» 1969 жылы, «Аспаннан шұға жауған күн» 1975 жылы, «Мұңайып оянған қала» 1979 жылы, «Үшінші подъезд» 1980 жылы, «Пердесіз көңіл» 1983 жылы, «Арбаған мәні бір сиқыр» 1987 жылы,Немістің Гельмут деген миллионерінің арнайы келіп, Әуезовті көре алмағанына қапа болғанын суреттеген «Миллионер өкінген түн» атты туындысын жазды.«Таңдамалы» екі томдық 1991 жылы жарыққа шыққан. «Ғажайып дәптер» әңгімесінде ұлы жазушының Семейде оқып жүрген кезінен сыр шертеді. Әуезовтің ұқыптылығы мен білімділігін жас жеткіншектерге үлгі етіп ұсынады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика