Краеведение

Барманқұлов Марат

Категория: Писатели Печать страницы
Барманқұлов Марат

Барманқұлов Марат  (1937–09.05.2000) - 10 ақпанда  Алматы облысы,  Талғар қаласында дүниеге келген. Тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін алғашқы қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі.

1950 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-1965 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты. ММУ-дің бриғадасымен бірге студенттік құрылыста "Молодой целинник" газетінің негізін қалады.  "Планета целины" кітабы авторларының бірі.

1965 жылы Филология ғылымдарының кандидаты атанды, 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1981 жылы филология ғылымдарының докторы, 1982 жылы профессор, 1991 жылы "Казахстанская правда"  газеті редакторының бірінші орынбасарлық қызметін атқарды. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің  бірінші  проректоры.

Шығармалары:

Көрнекті ғалым "Весь мир в вашей квартире", "Журналистика для всех", "Сравнительный анализ жанров", "Жанры печати, радиовещания и телевидения", "Искусство современной информации", "Телевидение: деньги или власть?", "Хан Иван" т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, әлденеше жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Барманқұлов басшылығымен  бір докторлық, бес кандидаттық диссертация қорғалды.

ҚазМУ-дің журналистика факультетіндегі кандидаттық диссертация қорғау Кеңесі төрағасының орынбасары және филология факультетінің докторлық диссертация қорғау Кенесінің мүшесі болып жұмыс атқарды.

 Қазақстан Журналистер одағының хатшысы,  Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика