Краеведение

Бақиев Мұңлық

Категория: Писатели Печать страницы
Бақиев Мұңлық

Бақиев Мұңлық (1932–1986) жылы 15 сәуірде Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кіші дихан ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін тамамдаған. Сол жылдан бастап ұстаздық қызметте, «Мектеп» баспасында редактор, аға редактор, ұйғыр тілінде шығатын «Коммунизм туғи» газетінде аудармашы болған. Алғашқы әңгімелері баспасөз беттерінде 1959 жылдан жарық көре бастады. Оның «Жарық жұлдыз» деген әңгімесі Мәскеуде («Утренний ветерок» деген әңгімелер жинағында) орыс тілінде, «Тау қызы» деген әңгімесі қазақ тілінде («Жетісу» газетінде) басылды. «Бір жаз, бір қыс» деген пьесасы республикалық ұйғыр театрында қойылды.

Шығармалары:

Жомарт жер. Повесть., «Жазушы», 1967; Рәна. Повесть. А., «Жазушы», 1971;

Олар әлі бала еді. Повесть. «Жазушы», 1979; Бір жаз, бір қыс. Роман. «Жазушы», 1983.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика