Нұршайықов Әзілхан – жазушы Қазақстанның халық жазушысы, туғанына 100 жыл (1922-2011)

Әзілхан Нұршайықов (15 желтоқсан, 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылы - 12 ақпан, 2011 жылы Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Найман тайпасының Бура руынан шыққан

Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған.

1941 – 45 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды.

Соғыстан кейін ҚазМУ-ды бітірген (1949).

1953 – 79 жылдары — “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінің бөлім меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,

1953 – 56 жылдары — Павлодар облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы,

1961 – 63 жылдары — республикалық “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болды. Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы “Алыстағы ауданда” деген атпен 1956 жылы жарық көрді.

1987 жылы — “Дорогие памяти” әскери-патриоттық жинағы үшін А.А. Фадеев атындағы халықаралық сыйлықты алды.

2011 жылы Азиада 2011 қысқы ойындарында эстафетаны жалғаған. Бірнеше күннен соң дүние салып, әйелінің жанында жерленген.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика