Бөкеева Хадиша – ҚР халық әртісі, туғанына 105 жыл (1917-2011)

Бөкеева Хадиша (21.02.1917 - 31.01.2011, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы ) — қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған (2000 жылы).

Санкт-Петербург театр өнері институтын бітірген соң (1938), курстарымен тұтас келіп, Шымкент облысының драма театрын ашқан. Осы театрда Еңлік (М. Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде”), Ақтоқты (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Людмила (А. Островскийдің “Кешіккен махаббатында”) сияқты рөлдермен көрермен назарын аударған.

Бөкеева 1942 жылы Шекспирдің “Асауға тұсауындағы” Катаринаны ойнау үшін Алматыға Қазақ драма театрына шақырылды. Сол кезден бастап актриса Қазақ драма театрының сахнасында Қарлыға, Әйгерім (Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысы” мен “Абайында”), Күнікей (Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлуында”), Сәуле (Т. Ахтановтың “Сәулесі” мен Ә. Әбішевтің “Достық пен махаббатында”), Майра, Маржан (Ә. Тәжібаевтың “Майрасы” мен “Көңілдестерінде”), Катарина, Эмилия, Королева Маргарита (Шекспирдің “Асауға тұсау”, “Отелло”, “Ричард ІІІ-сінде”), Катерина, Негина, Кручинина (Островскийдің “Найзағай”, “Таланттар мен табынушылар” және “Жазықсыз жапа шеккендерінде”), Мехменебану, Әйел (Н.Хикметтің “Фархад — Шырыны” мен “Елеусіз қалған есіл ерінде”), Айша апай (Ш. Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде”), Ана (Қ.Мұхамеджановтың “Жат елдесінде”), Луиза (Шиллердің “Зұлымдық пен махаббатында”), Диана (Лопе де Веганың “Шөп қорыған итінде”), Беатриче (Мольердің “Екі мырзаға бір қызметшісінде”), Сидзу (Каорудың “Шығыстағы бір бейбағында”), Ана және Сот (М. Байжиевтің “Қалыңдық пен күйеуінде”), Соқыр әйел (М. Метерлинктің “Соқырларында”), т.б. әр ұлттың характеріндегі сан қырлы образдарды сомдады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика