Кітапхана жетістіктері

Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының

1991-2016 жылдар аралығындағы жетістіктері

 

1991-1995 жылы Талдықорған облыс көлемінде 540 кітапханалар жұмыс атқарып, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында Алматы облыстық әмбебап ғылми кітапханасы жоспар бойынша оқу курстарын ұйымдастырды.

1996 жылы Талдықорған облыстық кітапханасы «Талдықорған аймақтық кітапханасы» аталып, Алматы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрамына тіркелді.

1997- 1998 жылы Алматы облысы тұрғындарына 55 кітапхана қызмет көрсетіп отырды.

1999 жылы Алматы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Алматы облыстық әмбебап ғылыми-көпшілік кітапханаларының кітап қоры Алматы облыстық кітапхананың кітап қорына жинақталып, олардың сақталуын қамтамасыз етті.

2000 жылы Алматы облыстық кітапхана ғимараты күрделі жөндеуден өтті.

2001 жылы «Рухани уыз», «Мың бала», «Атакәсіп» бағдарламаларын насихаттап, алғаш рет облыстық «Үздік кітапханашы» байқауы ұйымдастырылды.

2002 жылы Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жол ашып, олар үшін қарым-қатынас жасаудың мәдени, рухани орталығын құру мақсатында зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлім ашылды.

2003 жылдың 28-сәуірінде облыс әкімінің №20 бұйрығымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына ауыстырылуына байланысты, кітапхана Талдықорғанға көшіріліп, ақын Сәкен Сейфуллиннің аты берілді.

2003 жылы Алматы қаласында Алматы аймақтық филиалы ашылды.

2004 жылы ҚР Ұлттық кітапханасымен және Республика кітапханаларымен тығыз іскерлік байланыс жүргізіп,облыс кітапханаларын автоматтандыру жұмысы басталды.

2005 жылы Іле ауданында Боралдай ауылдық кітапханасы модельді ауылдық кітапханасы болып ашылды.

2006 жылы облыс әкімінің қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар, Композиторлар Одағының мүшелері және басқа да облыс тарихына үлес қосқан дарынды жеке тұлғалардың кітаптары шығарылып, кітапханалырының кітап қоры толықтырыла бастады.

2007 жылы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімін медиатека аппаратураларымен жабдықталды.

2007 жылы облыстық кітапханаға «ГАЗЕЛЬ» маркалы автокөлігі беріліп, аудан, ауыл кітапханаларына облыс қітапхана қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетіп, библиобус қызметі жандандырды.

2008 жылы облыс бойынша жабылып қалған 78 кітапхана қайта оқырмандарға кітапхана есіктерін ашып, жаңа технология үрдістерін енгізді.

2009 жылы облыстық кітапхананың құрылғанына 60 жыл толуына байланысты мерейтойы аталып өтілді.

2009 жылы Алматы аймақтық филиалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кітапхананың келбеті қазіргі заман талабына сай жаңаша өзгертілді.

2010 жылы кітапханалық КАБИС бағдарламасы енгізіліп, облыстағы 22 кітапхана өз оқырмандарына жаңа ақпараттық кеңістік қызметінің инновациялық түрлерін ұсынды. кітапхана озық технологияны меңгерді. кітапханада өнер бөлімі , ақпарттық-библиографиялық бөлім және кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімдері ашылды. Кітапхана пайдаланушылардың игілігі үшін электронды каталогтар, кітаптар, библиографиялық дерекқорлар жасақталып, интернет ресурстары толық пайдалануда.

2011 жылы кітапханаға «КІА» маркалы жеңіл автокөлігі берілді.

2012 жылы Облыс кітапханаларының қызметкерлері Астана қаласында өткен Л. Гумилевтің туғанына 100 жыл мерейтойына арналған «Оқырман Еуразия» атты ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың халықаралық Фестиваліне қатысып, «Ең үздік библиографиялық жұмыс» атты халықаралық конкурсында дипломмен марапатталды.

2012 жылы облыстық кітапхананың қасбетіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кітапхана келбеті жаңартылды.

2013 жылы Облыс кітапханаларының қызметкерлері Лондонда өткен Халықаралық семинарға қатысты.

2013 жылы КАЗНЭБ-ке енгізілген контенттер саны Республика бойынша С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы 1-ші орынға ие болды.

2013 жылы облыстық кітапханада онлайн орталығының қызметі: оқырмандарға тегін интернет, электронды каталог пен әлеуметтік желілер мүмкіндігінің кеңдігін пайдалауға, сонымен қатар Video Skype басқа аймақтармен тілдесуіне жол ашуда.

2014 жылы электронды Моноблок оқырмандарға пайдалануға берілді. Моноблок электронды кітап қорының каталогы.

2014 жылы облыстағы ауыл кітапханалары толықтай компьютермен жабдықталды. Аудан кітапханаларында КАБИС, бағдарламалары  енгізіліп, материалдық –техникалық базасы нығайды.

2014 жылы Ұйғыр аудандық кітапханасы типтік ғимаратқа көшіріліп, жаңа жиһаздармен жабдықталды.

2014 жылы Республикалық «Бір ел – бір кітап акциясы» аясында Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның..», «Жусан иісі» шығармаларына арналған Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.

2015 жылы Іле аудандық кітапханасында онлайн орталығы ашылды. Осы орайда «Ауыл кітапханаларының бүгіні мен келешегі: жаңа ақпараттық технологияларды дамытудың басымдықтары» атты Оn-line семинар. ауыл, аудан кітапханаларымен бірге өтті.

2015 жылы Талғар аудандық кітапханасының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.

2016 жылы «ХХІ Ғасыр кітапханасы: Жастар стратегиясы» атты республикалық жас кітапханашылар форумы өтті.

2017 жылы 6-8 сәуір "Оқырманы озық өлке" республикалық байқауында І орын иеленіп, дипломмен, естелік мүсіншемен және сыйлықпен марапатталды.

2018 жыл 21 мамыр  Мәдениет жіне спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен  "Рухани қазына" фестиваліне қатысып, "Үздік кітапханалық жоба" номинациясын иеленді.

2018 жыл 24 желтоқсан  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Ұлы дала өркениеті және түркі әлемі" атты халықаралық форум аясында "Бір ел- бір кітап" акциясын насихаттау жөнінен І орынға ие болды.

2019 жылы Алматы облысы кітапхана қызметкерлерінің заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды меңгерудегі жаңа жұмыс түрлерін игеру және кәсіби білімін жетілдіруде С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи кітапханадағы басты бағыт-цифрландыру және халықаралық әмбебап ондық жіктеу жүйесінің дамуы» атты облыстық білім жетілдіру курсы өтті. Білім жетілдіру курсына барлығы 39, оның ішінде 22-кітапханашы, 17-бағдарламашы қатысып, өз білімдерін жетілдірді.

2019 жылы «Рухани қазына - 2019» фестиваліне барысында ұлттық мәдениетті насихаттау және аймақтық мәдени ұйымдардың имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету мақсатында өткізілген байқау нәтижесінде С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы алғыс хатпен марапатталып, және 1млн. теңге меценаттар атынан берілген жүлдені қанжығалады.

2019 жылы республикалық "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры"- "Конец легенды" шығармасы бойынша мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті. Бұл шараға Талдықорған қаласы, №2 мектептің 10 сынып оқушысы С.Саят қатысып,"Ең үздік оқырман-2019" сертификатына ие болса, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы "Ең үздік облыстық кітапхана" номинациясы бойынша дипломмен және облыстық кітапхана директоры Ғ.Тоқабаева "Мәдениет және спорт министрінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

2020 жылы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы Еуропаның Чехия, Венгрия, Словакия, Германия сынды мемлекеттеріне аттанған Қазақстан Делегация құрамында болып, Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай "Абай орталығының" ашылуына белсене атсалысты.

2021  жылы Республикалық IV "Рухани қазына -2021" онлайн фестивалінде "Үздік мемлекеттік кітапхана сайты" номинациясын жеңіп алды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика