Бүгін, Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімі мен шығармашылық бөлімі бірлесіп ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ақынның нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайыс өткізді.
Шараның мақсаты:ақын А.Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттау, оқырманның ойлау, есте сақтау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, білімдерін тиянақтау, ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту және оқырманның өзіндік қиялына ерік бере отырып, ойлауға, өзінше ой түюге баулу болды. Сайысқа қалалық Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
Бірінші кезеңде берілген нақыл сөздің соңын жалғап айтса, екінші кезеңде үш нақыл сөзді жатқа айтып, мағынасын түсіндіру.Ал үшінші кезеңдеқатысушыларконвертті таңдап, ішіндегі қиықтар сөздерден нақыл сө...
|