Жаңалықтар

4 маусым –Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» атты квет –ойыны өтті.

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, 4 маусым –Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» атты квет –ойыны өтті. Көзделген басты мақсат-Елтаңба, Ту, Әнұран туралы өскелең ұрпақтың түсініктерін нығайта отырып, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту болып табылады. Облыстық кітапханада өткен бұл қызықты ойынға, қаламыздың жастары қатысып, екі топқа бөлініп бақ сынасты. Оза шапқан, «Алаш» тобы ең үздік нәтижемен ойынды қортындылады. «Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» атты квет –ойынының барша қатысушыларына ризашылығымызды білдіреміз!
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.06.2022

«Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан қалалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған жаңа жылдық үндеуінде айтты. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан қалалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты. Аталмыш байқауға ,Талдықорған қаласындағы білім беретін т оқу орындары № 9,№25 орта мектептерінің 3-сынып оқушылары қатысты. «Тез оқуды үйреніңіз» байқауының мақсаты- балаларды мұқият және жылдам оқуға, оқығанын түсінуге және есте сақтауға үйрету болып табылады. 02маусым күні кітапханамызда «Zoom» платформасы арқылы байқауға Байқау қорытындысы бойынша: І орын – Тұрғанжан Жалғас (№25 мектеп) ІІ орын- Аманбек Айару (№9 мектеп) ІІІ орын- Амангелді Аяулым (№9 мектеп ) ІІІ орын – Молдалім Айым(№25 мектеп) Байқауға шәкірттерін дайындаған барша тәлімгерлерге алғыс білдіреміз!
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.06.2022

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «SUPER KIDS» атты мерекелік шара өтті.

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «SUPER KIDS» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараның алғашқы сөз кезегі кітапхана директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызына беріліп, балаларға арналған ақ жарма тілектер айтылды. Шара барасында, бүлдіршіндерге арналған «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, келушілерге таныстырылды. Сонымен қатар, түрлі мерекелік танымдық ойындар мен бала қызушылығын арттыратын арнайы ұйымдастырылған нөмерлер ұсынылды. Айта кетсек, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жыл басында жариялаған «Атадан қалған аманат» және Ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Маса» атты облыстық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары бүгінгі шара барысында марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.06.2022

1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай, жас оқырмандармен кітапханаға саяхат жасалды .

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, 1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай, жас оқырмандармен кітапханаға саяхат жасалды . Бүлдіршіндерге кітапхананың ішкі тыныс-тіршілігі, құрылу тарихы жайлы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, мерекелік күнге арналған балалар әдебиеті бойынша тың туындылар таныстырылды. Шара соңында, оқырмандар-қазақ балалар жазушысы , көрнекті тұлға Бердібек Соқпақбаевтың төл туындысы, «Қазақфильм» киностудиясы арқылы Абдолла Қарсақбаевтың режиссерлігімен таспаланған «Менің атым Қожа» фильмін тамашалады.
Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.06.2022

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ашық аспан астында «Ақпараттық библиографиялық бөлімі» кітап көрмесін ұйымдастырды.

27-31 мамыр күндері аралығында 31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапханамыздың оқырмандарына арналған «Жазғы алаң», «Жастар» саябағында және «Орталық арбатта» сондай-ақ, «Қаратал жағалауы» сынды орындарда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ашық аспан астында «Ақпараттық библиографиялық бөлімі» кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында олардың өмір жолдарымен оқырмандарға тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, жастардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу.Сондай-ақ Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу және олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Бұл күндері өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайр...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.05.2022
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика