Жаңалықтар

Оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды.

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, «2022 Балалар жылы» аясында Талдықорған қаласының «Абай» атындағы №1 орта-мектебінің 1-сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды. Аталмыш шара барысында, кітапхана қызметкерлері жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушыларына арнайы саяхат жасатып, балалар әдебиеті бойынша тың туындылар мен жаңа кітаптарды таныстырды. Сондай-ақ, облыстық кітапхананың құрылу тарихы, еңбек жолы мен классик ақын әрі жазушысы Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны жайлы да тың ақпараттар берілді. Кітапхана ішінде орналасқан ашық көрме де жас оқырмандарға таныстырылды. Ең бастысы, жазғы лагерь балақайларына қызықты ойын-сауық пен викториналық сауалдар қойылды. Шара соңында, «Абай» атындағы №1 орта-мектеп оқушылары кітапханаға деген риясыз алғыстарын білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.06.2022

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда. Жыл басынан жалғасын тауып келе жатқан «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бойынша кітапханамыздың қорына Цой Елена Алексеевна детектив жанры бойынша 20 дана кітап тарту етті. Белсенді оқырманымыздың айтуынша, аталған кітаптар отбасылық жеке кітапханадан, яғни ата-анасының мұрағатынан екен. Кітаптардың қысқаша тізіміне тоқталсақ. Ең алдымен, Дарья Донцованың "Хеппи энд для дездемоны " кітабы, В.Меньшеков "Гаденыш " кітабы, сондай-ақ Александр Медведев "Крутые долго не живут" және тағы басқа да тың туындылар. ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, ОҚЫЛҒАН КІТАРЫҢЫЗҒА ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, КІТАПХАНАМЫЗДЫҢ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.06.2022

«Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан облыстық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған жаңа жылдық үндеуінде айтты. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан облыстық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты. «Тез оқуды үйреніңіз» байқауының мақсаты- балаларды мұқият және жылдам оқуға, оқығанын түсінуге және есте сақтауға үйрету болып табылады. 9 маусым күні кітапханамызда «Zoom» платформасы арқылы байқауға Байқау қорытындысы бойынша: І орын – Мырзахметов Фараби (Панфилов ауданы) ІІ орын –Жұмахмет Аян (Еңбекшіқазақ ауданы) ІІ орын- Әмірхан Айару (Қарасай ауданы ) ІІІ орын- Баймыш Мерей (Кербұлақ ауданы ) ІІІ орын- Ораш Бөпенай (Сарқан ауданы ) ІІІ орын – Мазен Айару (Қапшағай қаласы) Байқауға шәкірттерін дайындаған барша тәлімгерлерге алғыс білдіреміз!
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.06.2022

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы жалғасуда.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда. Жыл басынан жалғасын тауып келе жатқан «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бойынша кітапханамыздың тұрақты оқырманы Елкеев Нұржан 2 дана "АРЫСТАҒЫ АҒАЛАР"атты Жанабай Елкейұлының авторлық кітаптарын тарту етті.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.06.2022

«Әуезов әлеміне саяхат» атты облыстық байқауы өтті.

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына және «Қараш-қараш» повестінің 95 жылдығы, «Абай жолы роман-эпопеясының шыққанына 80 жыл толуына орай «Әуезов әлеміне саяхат» атты облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты- қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау.Сондай-ақ,оқырман қауымның шығармашылық қабілетін дамыту,дүниетанымын кеңейту болып табылады. Байқау екі кезеңнен тұрды: 1.Тапсырылған шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беру. 2.Берілген кітаптардың ішінен өзіне ұнаған бір шығарма бойынша авторға хат жазу. Байқауға барлығы 16 аудан,ауыл, қала кітапхана оқырмандары тарапынан өтінім келіп түсті.Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша: І орын – Байшеков Серік (Қонаев қаласы) 30.000тг ақшалай сыйлық ІІ орын- Сағи Айғаным (Кербұлақ ауданы) 20.000тг ақшалай сыйлық ІІІ орын- Қалым Алтын (Қаратал ауданы) 10.000...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.06.2022
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика