Жаңалықтар

«Ел жүрегі –Астана» атты дөңгелек үстел өтті.

«Ел жүрегі –Астана» атты дөңгелек үстел өтті.
Уақыты: 22.06.2022
Оқылды: 11

​Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ,

6 шілде-Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Ел жүрегі –Астана» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға, Талдықорған қалалық « Қоғамдық келісім» мекемесіндегі этномәдени бірлестіктің мүшелері мен «Парасат» тіл жанашырлар клубының мүшелері қатысты.
Қазақстан Республикасының ең айтулы мерекесінің бірі – Елорда күніне арналған шарада «Парасат» клубының белсенді мүшесі Савченко Милана өз құттықтауын өлеңдете жеткізсе, «Полония» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Порсева Елена Петровна бұл мерекенің мән-маңызы жайлы ақтарыла сөйледі.
Шара қортындысы ретінде, дөңгелек үстелге қатысушыларға «Ел жүрегі-Астана» атты кітап көремесі таныстырылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика