Жаңалықтар

Оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды.

Оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды.
Уақыты: 15.06.2022
Оқылды: 13

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, «2022 Балалар жылы» аясында Талдықорған қаласының  «Абай» атындағы №1 орта-мектебінің 1-сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жасалды.
Аталмыш шара барысында, кітапхана қызметкерлері жазғы демалысқа шыққан мектеп оқушыларына арнайы саяхат жасатып, балалар әдебиеті бойынша тың туындылар мен жаңа кітаптарды  таныстырды.
Сондай-ақ, облыстық кітапхананың құрылу тарихы, еңбек жолы мен классик ақын әрі жазушысы Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны жайлы да тың ақпараттар берілді. Кітапхана ішінде орналасқан ашық көрме де жас оқырмандарға таныстырылды.
Ең бастысы, жазғы лагерь балақайларына қызықты ойын-сауық пен викториналық  сауалдар қойылды. 
Шара соңында, «Абай» атындағы №1 орта-мектеп оқушылары кітапханаға деген риясыз алғыстарын білдірді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика