Жаңалықтар

«Әуезов әлеміне саяхат» атты облыстық байқауы өтті.

«Әуезов әлеміне саяхат» атты облыстық байқауы өтті.
Уақыты: 07.06.2022
Оқылды: 17

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы  Алматы облыстық әмбебап кітапханасында   заманының заңғар жазушысы  Мұхтар Әуезовтың  125 жылдық  мерейтойына және «Қараш-қараш» повестінің 95  жылдығы, «Абай жолы роман-эпопеясының   шыққанына 80 жыл толуына орай «Әуезов әлеміне саяхат»  атты облыстық байқауы өтті.
Байқаудың  мақсаты- қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау.Сондай-ақ,оқырман қауымның шығармашылық қабілетін дамыту,дүниетанымын кеңейту болып табылады.
 Байқау екі кезеңнен тұрды:
1.Тапсырылған шығармалар бойынша  сұрақтарға жауап беру.
2.Берілген кітаптардың ішінен  өзіне ұнаған бір шығарма бойынша авторға хат жазу.
Байқауға барлығы 16 аудан,ауыл, қала кітапхана оқырмандары тарапынан өтінім келіп түсті.Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:
І орын – Байшеков  Серік (Қонаев қаласы) 30.000тг ақшалай сыйлық
ІІ орын- Сағи Айғаным (Кербұлақ ауданы) 20.000тг ақшалай сыйлық
ІІІ орын- Қалым Алтын (Қаратал ауданы) 10.000 тг ақшалай сыйлық
және барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
«Әуезов әлеміне саяхат»  атты облыстық байқауына қатысқан барша жанға алғыс білдіреміз!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика