Жаңалықтар

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «SUPER KIDS» атты мерекелік шара өтті.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «SUPER KIDS» атты мерекелік шара өтті.
Уақыты: 02.06.2022
Оқылды: 34

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, «SUPER KIDS» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараның алғашқы сөз кезегі кітапхана директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызына беріліп, балаларға арналған  ақ жарма тілектер айтылды.
Шара  барасында, бүлдіршіндерге арналған  «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, келушілерге таныстырылды.
Сонымен қатар, түрлі мерекелік танымдық ойындар мен бала қызушылығын арттыратын  арнайы ұйымдастырылған нөмерлер ұсынылды. 
Айта кетсек, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жыл басында жариялаған «Атадан қалған аманат» және  Ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Маса» атты облыстық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары бүгінгі шара барысында марапатталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика