Жаңалықтар

7мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Сарбаздар жыры» атты мерекелік кеш өтті.

7мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Сарбаздар жыры» атты мерекелік кеш өтті.
Уақыты: 05.05.2022
Оқылды: 17

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 7мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Сарбаздар жыры» атты  мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кештің мақсаты-  жас ұрпаққа өз отанын сүюге, соғыс жылдары ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі-өнеге ету.Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімдер дамуына үлес қосу болып табылады.
Шара басталмастан бұрын, қонақтарға Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова , Хиуаз Оспанованың 100 жылдықтарына орай, «Мәңгілік ел алыптары» және «Айбынды әскер –азат елдің белгісі»  атты библиографиялық шолу жасалды. 
Мерекелік шарада,  «К.Ущинский» атындағы №7  орта мектеп оқушыларынан құралған  «Жетісу тарландары» тобы Тәуелсіз еліміздің көк байрағын салтанатты түрде алып шықты. Сондай-ақ, өңіріміздің Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сұрапыл соғыс естеліктері жайлы әдемі әңгіме өрілді.
Аталған шарада,  ҚР Қорғаныс Министрлігінің «Алматы Облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» өкілдері , Алматы облысы «Мамандандырылған күзет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  ,соғыс ардагерлері  қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика