Жаңалықтар

" Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті.

Уақыты: 28.04.2022
Оқылды: 12

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов туғанына 100жыл толуына орай, " Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті.

Аталған облыстық сайыстың мақсаты- Әзілхан Нұршайықовтың туындыларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу болды.

Жалпы көлемді сайысқа, түрлі жас аралығындағы оқырмандар қатысып, белсенділік танытты.

"Қазақ қаламгері Ә.Нұршайықовтың бұл шығармасына оқырман көзқарасы ерекше ыстық. Оның дәлелі бүгінгі сайыстағы қатысушылардың үлкен бәсекелестігі"- дейді сайыстың ұйытқылары.

Байқаудың шарттары бойынша- І бағыт: Жазушының өмірі және «Махаббат қызық мол жылдар» романынан дайындалған сұрақ-жауап кезеңі. ІІ бағыт: Эссе жазу талаптары басты назарда болды.

Сайыстың әділ қортындысы негізінде, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

" Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайысына қатысқан барша оқырмандарға ризашылығымызды білдіреміз!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика