Жаңалықтар

23 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.

23 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.
Уақыты: 22.04.2022
Оқылды: 41

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.

Кітап фестивалінің мақсаты- көпшілік оқырман қауымға кітаптың берер пайдасын әр түрлі қызықты шаралар арқылы дәріптеу болып табылады.

«Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалінде оқырмандарға арналып, соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардың макеттері мен дәстүрлі және электронды кітаптар көрмесі , көрме инсталяция таныстырылды. Сонымен қатар, тұрақты үздік оқырмандарға «Алтын карта» табыс ету рәсімі өтті.

Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлының басшылығымен, шараға келген көпшілікке, көптің көзайымы, ақын Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы бойынша «Мұқағали Мақатаев» атындағы жасөспірімдер театры өнер көрсетіп, ауқымды фестивальдің көркін қыздырды.

Облыстық кітап фестивалінде, зиялы қауым өкілдері , кітапхана оқырмандары мен БАҚ қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика