Жаңалықтар

«Кітап- тарих, шежіре!» атты ашық есік күні өтті.

«Кітап- тарих, шежіре!» атты ашық есік күні өтті.
Уақыты: 21.04.2022
Оқылды: 23

Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ,23 сәуір халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап- тарих, шежіре!» атты ашық есік күні өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін , кітапханадағы ашық есік күні өз жалғасын тауып, оқырмандарға таныстырылды.Бір күнге жоспарланған шараға жоғарғы оқу орындары, колледж студенттері, Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және қала тұрғындары қатысты. Оқырмандар кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен танысып, сұрақтарына жауап алды.

Шараның мақсаты – кітапқа деген қызығушылықты арттыру. Оқырмандар кітапхананың жұмысымен танысып, жаңа ақпараттық мүмкіндіктер жайлы мәлімет алуы.

 Ашық есік күнінде, қонаққа келген оқырмандарға кітапхана қызметкерлері « С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының» құрылу тарихынан бастап, қазіргі таңға дейін сақталған мұра кітаптарын таныстырып өтті. Сондай –ақ, өскелең ұрпаққа кітаптың берер пайдасы,рухани азық кітапта екендігін түсіндірді. Облыстық кітапханың ішкі бөлімдері «Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі» мен « Оқу залы» бөлімі келген қонақтарға таныстырылды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика