Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ақынның нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайыс өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ақынның нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайыс өткізді.
Уақыты: 20.04.2022
Оқылды: 26

Бүгін, Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының Ақпараттық-библиографиялық бөлімі мен шығармашылық бөлімі бірлесіп ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ақынның нақыл сөздері бойынша «Ой ағыны» атты сайыс өткізді.
Шараның мақсаты:ақын А.Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттау, оқырманның ойлау, есте сақтау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, білімдерін тиянақтау, ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту және оқырманның өзіндік қиялына ерік бере отырып, ойлауға, өзінше ой түюге баулу болды. Сайысқа қалалық Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
Бірінші кезеңде берілген нақыл сөздің соңын жалғап айтса, екінші кезеңде үш нақыл сөзді жатқа айтып, мағынасын түсіндіру.Ал үшінші кезеңдеқатысушыларконвертті таңдап, ішіндегі қиықтар сөздерден нақыл сөйлем құрастырды. Сайыс жалпы тартысты өтті.

Сайысқа ақын Жангелді Немеребай, ақын Әмина Адайхан және библиограф Ляззат Құрманова төрелік етті.
Сайыс нәтижесі бойынша Жанерке Сарсембек оза шауып бірінші орынға ие болса, екінші орынға оның сыныптасы Аяулым Рахым табан тіреп, үшінші орынға Әдемі Аймұхамбет ие болды.Сайыс жүлдегерлері арнайы Дипломдармен және Жетісу табиғаты туралы кітаптармен марапатталды. Сайыс соңында қатысушылар мен жетекші ұстаз ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Әділжанқызына Алғыс хат табысталды.
Сайыс оқушылар көңілінен шығып, алдағы уақытта да бұл шара жалғасын табады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика