Жаңалықтар

« Мақал –сөздің мәйегі» атты мақал –мәтел сайысы өз жалғасын тапты.

« Мақал –сөздің мәйегі» атты мақал –мәтел сайысы өз жалғасын тапты.
Уақыты: 19.04.2022
Оқылды: 17

Еліміздегі «Балалар жылы» аясында, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен « Мақал –сөздің мәйегі» атты мақал –мәтел сайысы өз жалғасын тапты.

Байқауға Алматы облысы бойынша 9-сыныптар арасында 10 ауданнан 9 үміткер қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

«Мақал-сөздің мәйегі» атты облыстық байқаудың бүгінгі сайысында әділ қазылар алқасы кітапханамыздың шығармашылық бөлімінің қызметкерлері болды.
Нәтижесінде топты жарып шыққан қатысушы оқушылар анықталып, диплом мен алғыс хаттар табыс етілді.

І орын- Серікбай Малика(Қаратал ауданы)
ІІ орын- Озғанова Ырысжан ( Іле ауданы)
ІІІ орын –Жолдасбек Ақниет ( Алакөл ауданы )

Байқауға шәкірттерін дайындаған ұстаздар мен белсене қатысқан барша оқушыларға алғыс білдіреміз!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика