Жаңалықтар

«Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан республикалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.

«Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан республикалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.
Уақыты: 14.04.2022
Оқылды: 22

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев 2022жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған жаңа жылдық үндеуінде айтты.

Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан республикалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.

«Тез оқуды үйреніңіз» байқауының мақсаты- балаларды мұқият және жылдам оқуға, оқығанын түсінуге және есте сақтауға үйрету болып табылады.

Кітапхана аралық байланысты нығайту мақсатында,сондай-ақ балаларды кітап оқуға қызықтыру жолында Шығыс Қазақстан облысы кітапханасы және С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы арасында «Тез оқуды үйреніңіз»атты сайысы өтті.

14 сәуір күні кітапханамызда «Zoom» платформасы арқылы байқауға
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Дәулетхан Әмір(Алакөл аудандық балалар кітапханасы)
І орын – Ақылбек Назерке (Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы)
ІІ орын- Сәтбек Айзада( Көксу ауднадық кітапханасы)
ІІ орын- Қалжан Әсем (Қапшағай қалалық кітапханасы)
ІІ орын-Оралтай Мадина ( Ақсу аудандық балалар кітапханасы)
ІІІ орын – Ержан Зерде(Текелі қалалық кітапханасы)
ІІІ орын- Аяла Нұрланқызы ( Абай атындағы әмбебап кітапханасы)
ІІІ орын- Аманғазы Айзере (Абай атындағы әмбебап кітапханасы)

Байқауға шәкірттерін дайындаған барша тәлімгерлерге алғыс білдіреміз!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика