Жаңалықтар
« Мақал –сөздің мәйегі» атты мақал –мәтел сайысы өз жалғасын тапты.

Еліміздегі «Балалар жылы» аясында, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен « Мақал –сөздің мәйегі» атты мақал –мәтел сайысы өз жалғасын тапты.
Байқауға Алматы облысы бойынша 10-сыныптар арасында 6 ауданнан 6үміткер қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
«Мақал-сөздің мәйегі» атты облыстық байқаудың бүгінгі сайысында әділ қазылар алқасы кітапханамыздың шығармашылық бөлімінің қызметкерлері болды.
Нәтижесінде топты жарып шыққан қатысушы оқушылар анықталып, диплом мен алғыс хаттар табыс етілді.
І орын- Есміхан Санжар( Ақсу ауданы)
ІІ орын- Нұрсебіл Шұғыла( Панфилов ауданы)
ІІІ орын – Әлімбердіқызы Күлсінай( Іле ауданы )
Байқауға шәкірттерін дайындаған ұстаздар мен белсене қатысқан барша оқушыларға алғыс білдіреміз!