Жаңалықтар
Белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, әдебиет зерттеушісі Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен «Заңғар жолдың жалғасы» атты кездесу кеші өтті.

2021 жылғы 23 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Мұхтар Әуезовтың 125жылдық мерейтойына орай, белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, әдебиет зерттеушісі Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен «Заңғар жолдың жалғасы» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің модераторы- С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Тоқабаева Ғалия Сламбайқызы болды.
Мұхтар Әуезов – ұлы даламыздың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері,Қазақстан ғылым академиясының академигі, филологияғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Оның бізге қалдырған ізі бізге әлі күнге шуақ, нұрын шашып келеді.
Кеш барысында, Мұрат Мұхтарұлы Әуезов өмірі мен шығармашылығы,сонымен қатар ата-анасы жайлы естеліктерінен сыр шертіп, оқушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу кешінде , Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың жақын достары,зиялы қауым өкілдері мен БАҚ қатысты