Жаңалықтар

«Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан республикалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.

«Тез оқуды үйреніңіз» атты әдебиеттік оқудан республикалық жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.
Уақыты: 16.09.2021
Оқылды: 39

«Қазақстандағы балалар мен  жасөспірімдердің  кітап оқуын қолдау жылы» аясында  «Тез оқуды үйреніңіз» атты  әдебиеттік оқудан  республикалық  жылдам оқу сайысы өз жалғасын тапты.  Кітапхана аралық  байланысты нығайту мақсатында,сондай-ақ  балаларды кітап оқуға қызықтыру үшін Батыс Қазақстан облысынан «Хамза Есенжанов атындағы  облыстық балалар және  жасөспірімдер  кітапханасы» мен  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы  біреге отырып, «Тез оқуды үйреніңіз»атты сайысты өткізді.

16 қыркүйек күні кітапханамызда «Zoom» платформасы арқылы  байқауға  екі облыстың  әр түкпірінен, қала, аудан,ауыл кітапханаларынан  12 қатысушыдан  өтінім қабылданды.

Оқу техникасы бойынша 4-сыныптың оқушылары сайысқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша:

1  орын Аяла Нұрболқызы (Көксу ауданы)

2 орын Қалибек Айзере (Панфилов ауданы)

2 орын Чонжыбай Эльвира (Ұйғыр ауданы)

3 орын Гусманова Аймекен (Батыс Қазақстан облысы) 

3 орын Ерқұлан Нұрқалиұлы (Ақсу ауданы)

3 орын Жанатбек Нұртас (Қаратал ауданы)

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика