Жаңалықтар
«Қара өлеңнің Қуаты» атты әдеби кездесу кеші өтті

Бүгін облыстық кітапхана шаңырағында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуат Қайранбаевпен «Қара өлеңнің Қуаты» атты әдеби кездесу кеші өтті.
Сан қырлы Қуат Қайранбаевтың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған кездесуде ақынның жүріп өткен жолы туралы видеоақпарат ұсынылып, әріптестері мен достары қызықты естеліктерін еске алды.
Қаламызға белгілі «Janr» әдеби клубының ақындары Қуат Қайранбаевтың өлеңдерін оқып, кешке арнайы қатысқан қатысушылардың ішінде ақынға өлең арнағандары да табылды.
Сондай-ақ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі Нұржан Ахметбеков ақынның сөзіне жазылған әндерін орындап, әдемі кештің көркін қыздырды.