Жаңалықтар

«Ұйғыр мұқамының сарыны»

«Ұйғыр мұқамының сарыны»
Уақыты: 06.09.2018
Оқылды: 494

«Достық үйі» қоғамдық келісім орталығында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы өнер бөлімінің және Ұйғыр аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында КСРО-ның халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Құддыс Қожамияровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты музыкалық қонақжай өтті. Шарада ұйғыр халқының тарихы, әдебиеті, өнері туралы әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылығынан бейнеслайд көрсетілді. Аталған шарада Құддыс Қожамияровтың төл туындыларымен қатар, ұйғыр халық әндері мен билері тарту етілді.

Елімізге белгілі сазгер, педагог, қоғам қайраткері, кәсіби ұйғыр музыкасының негізін қалаушы – Құддыс Қожамиярұлының қазақ өнері мен мәдениетінің өркендеп, дамуына қосқан үлесі зор. Шара барысында,шығармашылығын Қазақ радиосының көркемдік жетекшісі, Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры әрі профессоры, Композиторлар одағының төрағасы сынды жауапты қызметтермен қатар өрген қайраткер тұлғаның отандық музыканттардың біртұтас дәуірін тәрбиелеп шыққан ұстаздық жолы да өзіндік ұлағатымен тағылымды жолы туралы әңгіме өрбіді.

Мерейтойлық шараға зиялы қауым, Алматы облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Т.Ғұмаров, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ә.Оралов, сазгер М.Керейбаев, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы С.Гаитова, ҚР мәдениет қайраткері Т.Алшабеков, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің педагогика және психология факультетінің профессоры Ж.Таубалдиева, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі Б.Мұсаев және «Арзу» халықтық ән-би ансамбілінің мүшелері, облыстық ұйғыр этномәдени орталығынан, облыстық мәденит мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика