Жаңалықтар

"Парасат жолы" орталықтары ашылды

Уақыты: 10.02.2021
Оқылды: 87
Бүгін Алматы облыстық кітапханасында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасындағы өзара ынтымақтастық кездесу өтті.
Мақсаты – қоғамда тұтастық идеологиясын ғылыми, шығармашылық интеллигенция өкілдерімен және дін қызметкерлерімен бірге насихаттау.
Орталықтың ресми түрде ашылуы алғаш 3 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өтіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев пен мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Парасат жолы"(парасаттылық жолы) орталықтарының бірлескен жұмысы туралы меморандумдарға қол қойған болатын.
Ынтымақтастық кездесу барысында Алматы облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев «Парасат жолы» жобасының мәні мен маңызына тоқталып, Алматы облысының әр өңірінде аймақтық орталықтардың ашуға тапсырма берді.
Жиынға «Zoom» бағдарламасы арқылы мәдениет бөлімдерінен бөлек,80-ге жуық кітапхана басшылары қатысты.
Бүгінгі жиынға зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары, Алматы облысының мәдениет бөлімінің басшылары, Алматы облысы кітапхана басшылары қатысты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика