Жаңалықтар
Байқау

Б А Й Қ А У !
Алматы облысының жалпы білім беретін оқу орындарының 8-11 сынып оқушылары назарына!
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қазақ поэзиясының символы» атты көркемсөз оқу байқауы.
Байқау ІІІ бөлімнен тұрады.
1. І бөлім «Хантәңірі» деп аталады. Бұл бөлімде «Бір ел – бір кітап» акциясына енген Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» кітабынан 2 өлеңін мәнерлеп жатқа оқу керек (әр өлеңі 5 шумақтан кем емес).
2. ІІ «Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам». Мұнда оқушылар М.Мақатаевтың 1972 – 1976 жылдары жазылған күнделігіннен үзіндіні көрініс түрінде жатқа айтуы тиіс.
3. ІІІ бөлім «Таңданба, жаным, таңданба». Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Кітапхананың І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Кітапхананың интернет ресурстарында орналастырылады.
Өтінім, жеке куәлігімен бірге кітапхананың oqy_zaly@mail.ru электрондық поштасына 5 ақпанға дейін қабылданады.
Байқау мерзімі аяқталғаннан кейін жіберілген өтінімдер қабылданбайды.
Байқау шартына сәйкес ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
Байқау қорытындысы 9 ақпан күні жарияланатын болады!