Жаңалықтар

Сергей Есенин - 125 жыл

Сергей Есенин - 125 жыл
Уақыты: 03.02.2020
Оқылды: 234

2020 жылдың 3 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен орыс ақыны Сергей Есениннің 125 жылдығына орай кітап көрмесі өтті. Ақын шығармалары мен кітаптарына библиографиялық шолудан бөлек, оқу залында "Ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Нұртазина библиокроссты сайыс түрінде өткізді. Қатысушылар "Естелік" және "Қайың" атты екі топқа бөлінді. "Табиғат сыйы" атты бөлімде топқа қатысушылар С.Есениннің табиғатқа байланысты термин сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Блиц-сайыста дайындықсыз сұрақтарға жауап беріп, бақтарын сынады. Сайыстың ақтық мәресі "Жадыны тексеру" атты бөлімінде ақын шығармаларының кейіпкерлері мен атауы, әдеби жанрын қатысушылар ретпен орналыстырумен аяқталды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика