Жаңалықтар
«Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер»

Биыл қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытовтың дүниеге келгеніне – 130 жыл. Осыған орай 8 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен қала тұрғындары үшін «Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер» тақырыбында либмоб (сұрақ-жауап) өтті .
Шараның негізі мақсаты – халқымыздың ұлт зиялыларын, суреткер жазушы Ж.Аймауытовтың өмірбаяны мен жазушының азаматтық биік тұлғасын, елеусіз қалған есіл ерлерімізді қалың көпшілікке насихаттау. Қала халқының кітап оқөу мәдениетін арттыру.