Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 7мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Сарбаздар жыры» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кештің мақсаты- жас ұрпаққа өз отанын сүюге, соғыс жылдары ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі-өнеге ету.Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімдер дамуына үлес қосу болып табылады.
Шара басталмастан бұрын, қонақтарға Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова , Хиуаз Оспанованың 100 жылдықтарына орай, «Мәңгілік ел алыптары» және «Айбынды әскер –азат елдің белгісі» атты библиографиялық шолу жасалды.
Мерекелік шарада, «К.Ущинский» атындағы №7 орта мектеп оқушыларынан құралған «Жетісу тарландары» тобы Тәуелсіз еліміздің көк байрағын салтанатты түрде алып шықты. Сондай-ақ, өңіріміздің Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сұрапыл соғыс естеліктері жайлы ә...
|