“Жусан иісі” әдеби байқауы №8
Жүлдегер
Жүргізушінің хабарлауын естіген кезде Шәріптің бір уақ басы айналып, есеңгіреп қалды. Бағанадан бері айтылған жүлделі орындардың бірде бірі бұйырмаған соң ендігі бас жүлдеден үміттенудің өзі күлкілі деп, алаңсыз отырған. Амал қанша, орнынан көтеріліп, марапатты алуға мәжбүр болды.
Шығармашылығына сырттай сүйсініп, өзі әулие тұтып жүретін сүйікті ақын ағасы Ақтұмар Тайырбек те мұны тыпырши тосып тұр екен. Өтірік күліп, өтірік майысып тұрған, қазір осы кеш аяқтала сала үстіндегі ою-өрнегі мол ұлттық киімді шкафқа атып ұрып, жатақханасына құстай ұшатын қыз ұсынған ағаш жақтаулы грамотаны, сосын қобыраған гүлді, соңынан барып сыртына «1 миллион теңге» деп жазылған конвертті ұстатып, риза кейіппен қос қолдап тұрып қысты.
Грамота мен гүлге селт етпеген көңілі, алақанына конверт келіп қонған бетте өрекпіп, жеңімпаз болғанын жүйке-жүйесімен шындап ұғынғандай болды. Жүзі қызарып-бозарып, басын шыбындай изеп,...
|