Жаңалықтар

Байқау! Байқау! Байқау! «Жұлдызды оқырман» кітап оқу байқауын жариялаймыз.

Байқау! Байқау! Байқау! «Жұлдызды оқырман» кітап оқу байқауын жариялаймыз.
Уақыты: 01.02.2022
Оқылды: 137
Санат: Афиша

Құрметті оқырман қауым, биыл әнші, Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ еліне танымал өнер жұлдыздары арасында республикалық «Жұлдызды оқырман» кітап оқу байқауын жариялаймыз.
Байқаудың мақсаты: Елімізге танымал өнер жұлдыздарын ғылымның кеніші болған кітапхана істерін қолдауға шақырумен қатар, өнер жұлдыздары арқылы кітап оқуды насихаттау, кітапханаларға оқырман тарту, олардың қалт еткен қимылын бақылап, ессіз еліктейтін жастарға ой салу, дұрыс бағыт-бағдар беруге селбесуге шақыру.
Байқау шарттары: Сайысқа проза, драмматургия, балалар әдебиетінен (2022 балалар жылына орай) белгілегенн кітаптарды оқып шығу.
Аталған республикалық байқауда, жыл соңында жеңіске жеткісі келген, бойында таланты, ойында дарыны бар барша өнер жұлдыздары қатыса алады.
Өтінімдер 1 ақпаннан 1 желтоқсанға дейін қабылданып, қортынды жыл соңында шығарылатын болады.
Сүйікті оқырмандар, «Жұлдызды оқырман» республикалық байқауында бақ сынасудан қапы қалмаңыз, мүмкін сіз жеңімпаз атанарсыз

Толық ақпарат: +7 775 651 92 68 номерінен біле аласыздар.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика