Жаңалықтар

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Уақыты: 27.01.2022
Оқылды: 180
Санат: Афиша

Құрметті оқырман қауым! Сіздерге айтар жағымды жаңалығымыз бар!

Биыл қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» повестіне 65 жыл толып отыр. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы еліміздегі мультипликаторлар мен әуесқой видео түсірушілер арасында Республикалық «Мен - Қожа болсам...» атты анимация және видео байқауын жариялайды!

 Байқаудың мақсаты:Балаларға қажетті тәрбиені тек кітап оқу мен немесе мектептегі білім беру жүйесімен шектеп ғана қоймай,заманауи технология құралдарын пайдалана отырып, тәрбиелік мәні зор бейне материялдарды пайдаланып, бала тәрбиесін жалпы қоғаммен бірлесе қолға алуды насихаттау.

Байқауға кімдер қатыса алады- анимация саласында еңбек етіп жүрген немесе ізденіс үстінде жүрген барша мультипликаторлар және кративті ойлай алатын әуесқой видео түсірушілер бақ сынаса алады.

Байқау шарттары: ұсынылатын материялдардың сценарий идеясы ұлттық бала тәрбиесін негіз еткен, сюжеті көркем (яғни кейіпкерлердің киім үлгісі ашық-шашық болмауы, қазақы тәрбиеге жат ұятты іс-қимылдар көрсетілмеуі), мазмұны тартымды, қазақ тілінде болуы шарт.

Өтінімдер кітапхананың электронды почтасына 1 ақпаннан бастап 15 мамырға дейін қабылданады. Байқау қортындысы екі бағытта (Анимация және видео) бөлек сарапталады.

Сүйікті оқырмандар, «Мен - Қожа болсам...» Республикалық байқауында бақ сынасудан қапы қалмаңыз, мүмкін сіз жеңімпаз боларсыз!

Толық ақпарат: +7 775 651 92 68 номеріне хабарласып біле аласыздар

Эл.почта : oqu_zaly@mail.ru

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика