Кітаптар

1

Думан Бақыткелді - 1994 жылы 28 қазанда Ақсу ауданы Қапал ауылында дүниеге келген. «Ақжелкен» журналының тәуеліз тілшісі. «Qajet» ютуб арнасының жүргізушісі. Республикалық байқаулардың жеңімпазы. «Уақыт мәшинесі» проза. Балалар үйінде тәрбиеленген балалардың басынан кешкен оқиғалары және ауыл балаларының арман тілектері сипатталған. Тиражы 500 дана.
Толығырақ... Оқылды: 845 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019

1

Нүсіп Алмас - 1988 жылы 16 қаңтарда Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған. «Алтын тобылғы» әдеби жүлдесінің иегері. «Жас алаш» газетінің шеф редакторы. «Түтінің өшпесін» проза. Жинақта ауыл өмірі, адами қасиет, отбасы, махаббар жайлы әңгімелер мен хикаяттар аса шеберлікпен жазылған. Тиражы 500 дана
Толығырақ... Оқылды: 476 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019

«Алғыс»

Азамат Нұрмұхан - 1984 жылы 17 тамызда Алакөл ауданы Қызылқайың ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Алматы облысы Сүйінбай Аронұлы атындағы филармониясының, Мұқан Төлебаев атындағы Халық-оркестрде қызмет атқарады. «Алғыс» поэзия. Бұл жинық туған жерге, ата-анаға, махаббат тақырыбына арналған. Тиражы 500 дана.
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019

«Балауса сезім»

Мағрипа Сандуғаш - 1988 жылы 22 желтоқсанда Шонжы ауданы, Қарасай ауылында дүниеге келген. Республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Қарабұлақ кітапханасында қызмет істейді. «Балауса сезім» поэзия. Жас ақынның жыр жинағында патриоттық өлеңдер мен махаббат тақырыбындағы жырлар топтастырылған. Елге деген шынайы махаббатпен қоса сезімнің пәктігі мен парасаттылығын, шынайы тазалығын жырлаған. тиражы 500 дана.
Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019

«Күн қызы»

Мәулен Әнербай - 1993 жылы 7 қыркүйекте Алматы облысы, Кербұлақ ауданында Рудничный ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі. «Күн қызы» поэзия. Бұл жинаққа жас ақын, әрі жазушы әр жылдары жазған шығармалары топтастырылды. Автор өлеңдері арқылы сыршыл лириканы жырласа, әңгімелеріне ауыл тақырыбын арқау етеді. Тиражы 500 дана.
Толығырақ... Оқылды: 1126 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика