Кітаптар

Ілияс Жансүгіров. Өмірі мен шығармашылығы

Иманғазинов М. Ілияс Жансүгіров. Өмірі мен шығармашылығы Бұл кітап жоғары оқу орындарының филология мамандықтары ішіндегі қазақ тілі мен әдебиеті студенттері және көпшілік оқырманға арналған. Кітапқа ақын өмірінің жарқын тұстары мен шығармашылығы енді.
Толығырақ... Оқылды: 584 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 20.11.2019

Қоқымова К. Музей қызметкерлерінің жазбалары.

Қоқымова К. Музей қызметкерлерінің жазбалары. Бұл еңбекте Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы, архив материалдары негізінде берілген.
Толығырақ... Оқылды: 337 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 20.11.2019

«Жұпбасар»

Бақтияр Айталы - 1987 жылы 1 қарашада дүниеге келген. 2005 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылындағы Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалімдікпен бастаған. 2012 жылдан бері Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінде тілші болып қызмет атқарады. Ақынның ұсынылып отырған «Жұпбасар» кітабынан әртүрлі тақырыптағы қызықты әңгіме-эсселерді оқып, сырға толы поэзия, көңіл нүктесін дөп басар өлеңдер жинағына қанық болып, шөліркеген көңіліңізді сусындата аласыз. Кітап таралымы 500 дана.
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 12.08.2019

«Ебінің желі»

Мақсат Деңгелбай - 1990 жылы 9 маусымында Алакөл ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. Облыстық, аудандық жыр мүшәйларының жеңімпазы. Шынжылы Орта мектебінде ұстаз. «Ебінің желі» поэзия. Жинақта туған жер, достық, маххаббат,отансүйгіштік тақырыбы айшықталған. Тиражы 500 дана.
Толығырақ... Оқылды: 782 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019

«Uniquie»

Ажар Ерболған - 1992 жылы 18 тамызда Сарқан ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Республикалық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Телевидение саласында қызмет атқарады.Kalamger.kz порталының шеф редакторы. «Uniquie» поэзия.Монологтар арқылы өмірде кездесетін жақсылықтар мен қайшылықтар, махаббат, табиғат тақырыбы қозғалған. Тиражы 500 дана
Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 29.07.2019
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика