Кітаптар

Анджелина Джоли

Анджелина Джоли известна миру не толькосвоими голливудскими талантами, но и как посол доброй воли ООН по делам беженцев. Ее благотворительная миссия началась со съемок в Камбодже, где она была потрясена нищетой и уровнем жизни людей. Перед вами мемуары из ее частых поездок в Африку, Пакистан, Камбоджу и Эквадор, где она жила, работала и отдавала свое сердце тем, для кого выживание – это ежедневная работа. Паломнический путь длиною почти в 20 лет, полностью изменивший мировоззрение и внутренний мир актрисы. . "Те, кто лишает свободы других, не заслуживают ее сами" Авраам Линкольн
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 24.02.2020

Шынар Әділова "Тайм-менеджмент"

Кітап адам баласының теңдессіз қазынасы — уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырылады. ⠀⠀ ⠀Кітап уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман қауымға арналады.
Толығырақ... Оқылды: 981 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 24.02.2020

Данияр Сүлейменов "Ең бақытты әйел"

Кітап әлемдегі нәзік те ең сұлу жаратылыс – әйел адамның бақытына арналады. Кітапта әйел кісіге өз өмірі мен отбасылық өмірін бақытты етудің жолдары ұсынылады. Әйел бақыты, салиқалы әйелдің саналы ғұмыры – толыққанды қоғамның кепілі екені кеңінен талқыланады. Әйел мен ер адам арасындағы психологиялық айырмашылық пен өзара түсініспеушіліктің алдын алу жолдары дажан-жақты қарастырылады. Отбасын бақытты етудің қыр-сыры баяндалып, әйгілі тұлғалардың өмірінен өнегелер келтіріледі.
Толығырақ... Оқылды: 1215 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 24.02.2020

Қуаныш Шонбай "Екінші болма"

⠀ Жеңіске жетудің қазақша жолы - Қуаныш Шонбайдың "Екінші болма" кітабын біздің кітапханамыздан оқи аласыздар! ⠀ Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі. 2,5 жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделді брендке айналды. Алайда барлығы осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компаниядағы мендержерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.
Толығырақ... Оқылды: 1650 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 24.02.2020

Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер»

Қаһарман Бауыржан Момышұлының келіні - Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы халықтың ықыласына бөленіп, оқырман қауымның жүрегіне жол тапқалы қашан?! Заман өзгеріп, дәуір көшсе де еш маңызын жоймаған, тәлім-тәрбие мен үлгі-өнегеге толы бұл кітап халықтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы хақында. Авторды танытқан – атаның келбеті. Бауыржандай батыр ұлдың болмысы халыққа өзге жағынан суреттеліп, үлгілі әке, қамқор ата қыры ашылып көрсетілген.
Толығырақ... Оқылды: 622 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 24.02.2020
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика