Кітаптар

«Жетісудағы «Алаш» мектебі» тарихи-хроникалық фотоальбом кітабы

Е.Торқабай. Жетісудағы "Алаш" мектербі// Тарихи-хроникалық фотоальбом. "Баянжүрек" баспасы, Алматы қаласы, 2021 жыл, 280 бет. «Жетісудағы «Алаш» мектебі»- Совет үкіметінің қысымына ұшырап, атылған, сотталған , репрессияланған Жетісулық Алаш арыстарының ғұмыр жолына арналған тарихи-хроникалық фотоальбом. Суретті шерлі шежіреге үш жүзден астам тарихи фото қамтылған. Фотоальбомға енген кейбір тарихи сурет пен архивтік құжаттар бұрын-соңды жарияланбаған. Кітап Алаш тарихына ынтызар оқырман қауымға арналған Кітап Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен шығарылып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 02.02.2022

«Олжабай батыр» атты зерттеулер, мақалалар, тарихи жырлар

Марғұлан Ә.Х. Олжабай батыр (зерттеулер, мақалалар, тарихи жырлар). - Алматы: Press Co баспасы, 2021. - 360 бет. Кемеңгер ойшыл, әдебиет, өнер, шығыстанушы , ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі ,ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның «Олжабай батыр» атты зерттеу еңбегін таныстырып өтсек. Тарихи тұлға –Олжабай батыр жайлы ақпараттарды автор халық арасынан, архивтік қорлардан, фольклорлық мұралар мен тарихи жырлардан жинақтап, жеке қорында сақтап келген. Олардың көбі араб жазуында, кейбірі латын қаріпімен жазылған. «Олжабай батыр» зерттеулер мен мақалалар кітабы магистранттар мен студенттерге, сонымен қатар, оқытушылар мен әдебиетшілерге таптырмас құрал. Алматы облысының әкімінің қолдауымен « Жетісу кітапханасы» сериясы бойынша жарыққа шығарылып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 01.02.2022

Вавилондағы ең бай адам

Вавилондағы ең бай адам Бұл кітап-байлықтың кілті. Егер бай болғыңыз келсе, алдымен осы кітапты оқып шығыңыз. Адамдардың көбі неге бай емес? Себебі байлыққа кенелтер ережеден хабарсыз. Егер байлықтың әліппесін меңгерсеңіз, оқуды немесе жазуды үйренген секілді бай болуды да үйренуге болады. Алғаш 1926 жылы жарық көріп, күні бүгінге дейін 2 миллион данамен сатылған, әлемнің көптеген тіліне аударылған бұл кітап бай болудың жолын көрсетеді, байлықтың әліппесін үйретеді. Бай болудың заңдылығы физика заңдары сияқты әмбебап әрі өзгермейді. Осыдан 4 мың жыл бұрын Вавилон байлары қандай ережеге сүйеніп байыса, қазіргі кездің миллионерлері де сондай ережелерге жүгініп байып жатыр. Кез келген кәсіптің тілін білген адам сол саланың маманы болады. Ендеше қаржының тілін білгіңіз келсе, Дж.С.Клейсонның қаржы әлемінің қыр-сырын ашатын "Вавилондағы ең бай адам" кітабын оқуға ұсынамыз
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 28.01.2022

Әділбек Ыбрайымұлының «Кезбе бұлттар» роман кітабы

Ыбырайымұлы Әділбек Кезбе бұлттар: Роман / Ыбрайымұлы Ә. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2021. - 280 б. Оқырман көпшіліктің көңілінен шыққан көптеген роман, хикаяттардың авторы, белгілі жазушы Әділбек Ыбырайымұлы бұл жаңа романында ғасырлар тоғысына тура келген қоғамның алмағайып аужайын бір отбасынан өрген төрт қыздың қатар талқыға түскен тағдыры арқылы аңғартқан. Ұлы Әуезов суреттеген "Қорғансыздың күні" арада ғасыр өткенде қаз-қалпында қайталанғандай әсерде қаласыз. Классикалық прозаның бірізділік сүрлеуінен бөлек, әдебиеттің заманауи модернистік мәнерімен ерекшеленетін шығарма шынайлығымен әрі көркемдігімен оқырман көңілін баурап алады.
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 27.01.2022

Бекки Чейз Беги, или умрешь!

Бекки Чейз Беги, или умрешь! Они играют человеческими жизнями, организовав под видом шоу настоящую охоту за людьми.Дина попала в число жертв совершенно случайно, и у нее фактически нет шанса выжить. Казалось, ничего хуже уже быть не может. Но странное притяжение к Джейсону, главному из загонщиков, окончательно выбивает у нее почву из-под ног. Может ли жертва влюбиться в охотника? Может ли охотник пощадить свою добычу? Теперь девушке придется пройти суровую школу выживания. В нашей библиотеке вы можете бесплатно почитать книгу « Беги, или умрешь! ». Чтобы читать онлайн книгу « Беги, или умрешь! » перейдите по указанной ссылке. Приятного Вам чтения
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 25.09.2020
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика