Кітаптар

Руслан Қамбар«Үйленбей тұрып үйрен» атты кітабы

Руслан Қамбар«Үйленбей тұрып үйрен» атты кітабы.Алматы : «Самға» баспасы ,2021.-192 Кітапта ерлі –зайыптылардың қарым –қатынасына байланысты ислам дерекөздерімен қатар отбасылық кеңесші мамандар тәжірибесі қамтылған. 30-ға жуық отбасылық мәселелер мен оның шешімдері жинақталған бұл керемет кітап, барша оқырман қауымға арналады.
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 15.02.2022

Шынар Әділова «Тайм менеджмент» кітабы

Шынар Әділова «Тайм менеджмент» кітабы,- Алматы: «Самға» баспасы,2021.-248 бет Тайм менеджмент дегеніміз не? Тайм - менеджмент - тек құрал ғана емес, ол- айналаға басқа көзбен қарауды үйрететін тың көзқарас; Тайм - менеджмент - орны толмас өмірлік уақыттарды жеке құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызға сай саналы түрде әрі ақылмен қолдану; Тайм - менеджмент - өміріңіздегі орны толмас уақыттарды қолдануға жағдай жасайтын әдістер жиынтығы; Кітапта Тайм-менеджменттен бастап, жоспар құру, әрбір кезеңнің маңыздылығы(жастық шақ/ қарттық шақ), уақытты тиімді пайдалану, ислами тұрғыдан уақыттың маңыздылығы, дұрыс қолдану реті, тіпті отбасыңызға қалай уақыт бөлу керек екеніне дейін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтеді.
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 14.02.2022

Мұхитдин Исаұлының «TULGA болам десеңіз» атты кітабы.

Мұхитдин Исаұлы TULGA болам десеңіз. - Алматы: "BRK Press", 2019. - 337 б Бұл кітап философия ғылымдарының докторы, тәлімгер Мұхитдин Исаұлының бірнеше жылдық еңбегінің жемісі. Кітапта"Тұлға"толық әрі жан-жақты жазылған. Абайдың Кемел адам идеасы мен батыстың ғылымдары тұлға төңірегіндегі зеріктеулерді саралап келіп, ұлттық танымдағы тұлғалыққа жетудің негізгі қағидаларын ұсынады. Кітаптің әуелгі бөлімдерінде адамның өзіне деген сенімі мен сол сенімді қалыптастырудағы ақылдың рөлі жайлы айтып,одан кейінгі бөлімдерде шешен сөйлеу, ел алдында өзін ұстай білу , Халықпен етене араласу және өмірлік жар таңдау, шаңрақ құрған шақта тап болатын кеделгілерді шешу жолдары секілді маңызды мәселелер қамтиды.
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 14.02.2022

«Барлыбек Сырттанұлы.Қазақ елінің Уставы» кітабы

Барлыбек Сырттанұлы. Қазақ елінің Уставы. Шығармалар жинағы.//Құраст.:Е.Тоқтарбай. - Алматы: "Баянжүрек" баспасы, 2021 жыл. - 356 бет Барлыбек сырттанұлы –Алматы облысынан шыққан қазақтың атақты қайраткер азаматы. «Алаш» ұлт –азаттық қозғалысының көрнекті өкілі ,заңгер,реформатор ,публицист. Алаш идеологы 1911 жылы қазақтың алғашқы Конституциялық еңбегін жазып, ұлт тарихына өзінің атын алтын әріптермен жазып кеткен. Біртуар арыстың таңдамалы шығармаларына құқықтық-саяси ,әдеби-публицистикалық мақалалары мен ғылыми еңбектері енген. Кітап Алаш мұрасына қызғатын барша оқырман қауымға арналады. Кітап Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен "Жетісу кітапханасы" сериясы бойынша жарық көріп отыр.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 03.02.2022

Тәңірберген Қалилахановтың «Қазақнама» кітабы

Қалилаханов Т. Қазақнама, АТЫН БЕСІК - ЖЕР ЖӘННАТЫ ЖЕТІСУ, Төртінші том / Қалилаханов Т. - Алматы, 2021 жыл - 292 б. Сегіз бөлімнен тұратын бұл еңбекте көне түріктер мен қазіргі қазақ халқының тарихының қалтарыстары баяндалған. Автордвң көп жылғы зерттеулеріне негізделген қазақ тарихына қатысты АЛТЫН БЕСІК - ЖЕР ЖӘННАТЫ ЖЕТІСУ тарихына өзіндік сыни көзқарастары, тарихи - философиялық пайымдары мен ғылыми болжамдары, мәдени көзқарастары отандық тарих ғылымында тың зерттеулерге мұрындық болады деп үміттенеміз. Кітап қазақ халқының күрделі тарихының саяси-этникалық мәселелері қызықтыратын жас тарихшы ғалымдар мен өлкетанушыларға, жалпы ел мен жер тарихын оқып, білуге құштар оқырмандардың қалың қауымына арналған Кітап Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың қолдауымен "Жетісу кітапханасы" сериясы бойынша жарық көріп отыр.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: Жаңадан келіп түскен кітаптар Уақыты: 02.02.2022
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика