Книги

Кәмшәт Бекжігітова.

Категория: Новые поступления
Дата: 24.02.2020
Просмотры: 177 Печать страницы
Кәмшәт Бекжігітова.
Кәмшәт Бекжігітова.
Автор оқырманға ақыл айтпайды. Ол өзінің басынан кешкен қиындықтарды қалай жеңіп шыққанын баяндайды. Оған не түркі болғанын жеткізеді. Жоқшылықпен күресу мен жалғыздықтан арылудың ең ұтымды жолдарын ұсынады. Қызығы сол, кім-кімді де тағдырдың теперішінен құтқаратын күш - ата-ана, дос-жаран, қоғам, орта т.б. емес, сол адамның - нақ өзі.
Иә, таңданарлық нәрсе. Дегенмен таңдану мен тамсануды, өзін өзгерту арқылы өмірін өзгерткен жандардың тағдыр-тәлейімен танысуды оқырманның еншісіне қалдырамыз.
Бізді таңдандырған нәрсе мынау: автор жазушы не ақын болмаса журналист емес. Оның ғылыми атағы да жоқ. Ол - өмір дейтін әлемнің ащы запыранын ерте татқан және бар кедергілерден өте білген қазақ әйелі. Енді сол тәжірибесін бір кездегі өзіндей тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға үлгі қылып ұсынғысы, адамдарды бақытты өмірге, дәулетті тірлікке жетелегісі келеді. Оның бұл мақсатына жетеріне сеніміміз кәміл. Тіпті бұл кітапты қазақ оқырманына бұйырған үлкен олжа деп қабылдасақ та, артық емес.
 
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика